Қазақстандық құпия зат салынған жол сөмкесі үшін 11 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлытау облысында есірткі таратқан адам сотталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлытау облысында есірткі таратқан адам сотталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот Қазақстан азаматына үкім шығарды. Ол гашишті заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталды.

"Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол кейін осы есірткіні сатуды жоспарлаған", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынған. Осылайша Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 келі гашиш таралуына жол берілмеді.

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная