Қазақстандық саяхатшы маралдар түсірілген ерекше кадрларды бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық саяхатшы Эльдар Алматы облысының тауларында маралдарды дрон арқылы түсіріп алған. Бейнежазба желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық саяхатшы Эльдар Алматы облысының тауларында маралдарды дрон арқылы түсіріп алған. Бейнежазба желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Саяхатшының айтуынша, бейнежазбаны 29 қыркүйекте түсірген. Таңертең ерте тауға арнайы барып, осы сәтті күткен. Ол Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында маралдарды байқап, кадрға алып үлгерген.

"Таңғы сағат 5-те видеоға түсіруге бардық. Қазір маралдардың күйлеу кезеңі, сондықтан жануарларды таңертең ерте немесе күн батқаннан кейін кездестіру мүмкіндігі жоғары", – деді Эльдар.

Реклама
Реклама

Видеографтың айтуынша, күйлеу кезінде маралдарды тауда жиі көруге болады, алайда ол нақты түсірілім орнын ашып айтпады.

Іле-Алатау ұлттық паркінің мәліметінше, қорғалатын аумақта 600-ден астам марал мекендейді. Жануар Қызыл кітапқа енбеген, бірақ мемлекет қорғауында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная