Қазақстандықтар енді Қатарда ресми түрде жұмыс істей алады: нені білу керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар енді Қатарда ресми түрде жұмыс істей алады: нені білу керек? Фото:depositphotos.com/ soxwhite.gmail.com

Қазақстан азаматтары енді Қатарда ресми түрде жұмыс істей алады. Катардың Сыртқы істер министрлігі барлық рәсім аяқталғанын растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматтары енді Қатарда ресми түрде жұмыс істей алады. Катардың Сыртқы істер министрлігі барлық рәсім аяқталғанын растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мән-жайы

Келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Президентінің Дохаға жасаған ресми сапары барысында қол қойылған. 2025 жылы құжатты Парламенттің екі палатасы – Мәжіліс пен Сенат мақұлдап, 20 қазанда Мемлекет басшысы заңға қол қойды.

Қалай жүзеге асады?

Келісімде жұмысшыларды іріктеу тәртібі, олардың біліктілігін тексеру және еңбек шарттарын жасасу процесі айқындалған. Қатарлық жұмыс берушілер:

  • жолақысы мен әуе билеттерін;
  • тұрғын үйді;
  • медициналық көмекті толық қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар құжат еңбек жағдайының ашық болуын, жалақы мен демалыс мәселелерін және еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкердің құқықтарын қорғауды көздейді. Жұмыс беруші өз міндеттемелерінен тек екі жағдайда ғана босатылады:

  • қызметкер келісім мерзімі аяқталмай өз еркімен жұмыстан шықса;
  • қызметкер ескерту мен өтемақысыз жұмыстан шығаруға негіз болатын өрескел заңбұзушылық жасаса.

Жұмыс орнын қайдан көруге болады?

Қатардағы барлық ресми жұмыс орындары migration.enbek.kz порталында жарияланады. Бұл қазақстандықтарға Қатарда жұмысқа орналасудың ашық әрі заңды тетігін ұсынады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
;