Шетелде жүрген қазақстандықтар жаңа төлқұжатты бұрынғыдан тезірек рәсімдей алады. Сыртқы істер министрлігі тиісті түзетулер әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
СІМ қаулы жобасына сәйкес, "Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 90 күннен 40 күнге дейін қысқартылады.
"Жоба мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін 90 күннен 40 жұмыс күніне дейін қысқарту, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленген, ескірген нормалар мен сілтемелерді алып тастайтын, соның ішінде "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" заң мен Цифрлық кодекстің өзгерістеріне байланысты редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі", - делінген құжатта.
Министрлік қаулысының жобасы 6 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.