Қазақстандықтарда қанша яхта мен жеке ұшақ бары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарда қанша яхта мен жеке ұшақ бары айтылды © pixabay.com/b1-foto

Қалтасы қалың қазақстандықтарда 490 жеке яхта мен 248 ұшақ бар екен. Мұндай мәліметтер "Ашық НҚА" порталында жарияланған Салықтық кодекс жобасына қатысты жасалған консультациялық құжатта көрсетілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі жариялаған құжатта Қазақстанда яхталар мен жеке ұшақтар шектеулі бір топ адамда ғана бары айтылған. Осылайша, 490 яхта жеке тұлғалардың иелігінде екен; 248 ұшақ - жеке тұлғаларда, ал 665 - заңды тұлғаларда.

Бүгінгі таңда заңмамызда мұндай асқан байлыққа салық белгіленбеген.

Жаңа Салық кодексі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заң жобасын жасаушылар асқан байлыққа салық енгізу жолдарын қарастырып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
;