"Қазақстандықтардың жолы болды". Алматылық бортсерік түрлі елдегі карантин шектеулерін салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсел Жұмабаеваның жеке мұрағатынан Әсел Жұмабаеваның жеке мұрағатынан

Etihad Airline әуекомпаниясының бортсерігі Қазақстандағы карантин шектеулерін шетелдегі шектеулермен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл деп санайды. Қазақстандық бортсерік Кaz.tengritravel.kz тілшісіне түрлі елдегі әріптестері қандай қиындықтарға тап болатыны туралы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Etihad Airline әуекомпаниясының бортсерігі Қазақстандағы карантин шектеулерін шетелдегі шектеулермен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл деп санайды. Қазақстандық бортсерік Кaz.tengritravel.kz тілшісіне түрлі елдегі әріптестері қандай қиындықтарға тап болатыны туралы айтып берді.

Әсел Жұмабаева жеті жылдан бері бортсерік болып жұмыс істейді және халықаралық бағыттағы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Оның әріптестерінің арасында 100-ден аса мемлекеттің өкілдері бар. Қыздың айтуынша, карантин шарттары - әріптестер арасындағы тұрақты тақырыптардың бірі. Компанияның барлық қызметкері Абу-Дабиде орналасқандықтан, көбіне олар демалыс күндері үйге ұшып, туыстарына көруді армандайды.

"Өкінішке қарай, пандемияға байланысты көптеген ел келушілерге карантин шараларын қолдануға мәжбүр. Қазақстанда бұл ережелер жеңілдетіліп, азаматтарға да, шетелде тұратындарға да Қазақстанға жиі оралуға мүмкіндік берді. Мысалы, БАӘ-де карантин шеутеулері сіз келген әмірлікке байланысты. Егер Дубай теріс ПТР-тест болған жағдайда туристер мен тұрғындар үшін карантинді алып тастаса, Абу-Дабиде мүлдем басқаша. Онда әуежайда "жасыл" аймақ елдерінен келгендердің бәріне бақылау білезіктері тағылып, екі апталық карантинге жіберіледі", - дейді бортсерік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? أسولة عسولة??Stewardess✈️ (@aselya.cn)

Әсел мысал ретінде Қытайлық әріптесінің жағдайын келтірді.

"Даляннан келген әріптесім үйіне демалысқа бару үшін Шанхай арқылы ұшу керек екенін айтты. Онда ол 14 күн карантинді өткізіп, содан кейін Далянға ұшып, тағы екі апта карантинде болуы керек. Бір ғана карантинге 28 күн кетеді", - дейді Әсел.

Карантиннен басқа, бортсерік ПТР-тест туралы анықтаманың бағаларын салыстырды.

"Қазақстанға ұшу үшін ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар бір анықтама жеткілікті. Көптеген елде карантиннің бірінші және екінші апталарында тест тапсыру керек. ПТР-тест бағасы да әр елде әртүрлі. Кейде бұл сіздің елдің тұрғыны екеніңізге немесе болмағаныңызға байланысты. Мысалы, екі ай бұрын мен Сербияның туристер үшін ашық екенін білдім. Досым екеуміз ол жаққа баруды жоспарладық, ол үшін Сербия азаматы ретінде ПТР-тест бағасы 50 евро, ал мен үшін, шетелдік ретінде, 200 евро болатыны белгілі болды. Мен бұл туралы түрлі елден келген әріптестерімнен сұрадым және Алматыда ПТР-тест бағасы (шамамен 20 доллар) ең төмен екенін түсіндім. Еуропада 80 еуро және одан жоғары. Мальдивте бұл тест 100 доллар тұрады. Ол жерге отбасымен баратындар қымбатқа түседі. Англиядан келген әріптесім Лондонда ПТР-тест 200 фунт стерлинг болатынын айтты. Ал Жапониядан келген әріптесімнің айтуынша, оның елінде - 220 доллар", - деп шағымданады қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? أسولة عسولة??Stewardess✈️ (@aselya.cn)

Алайда, қыздың айтуынша, екі апталық карантин кезінде негізгі шығындар қонақүйде тұру үшін төленеді.

"Мысалы, ұлыбританиялық әріптесім Лондон қонақүйінде екі апталық карантин 2 500 доллар тұратынын айтты. Егер сіз екі ПТР-тестін қоссаңыз, онда ол өз елінде демалғаны үшін кемінде 3000 доллар шығындалды деуге болады", - дейді бортсерік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная