Қазақстанға екі жаңа әуекомпания рейс ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда Алматыны Ереванмен, ал Қостанайды Ташкентпен байланыстыратын екі жаңа рейс ашылады, деп хабарлайды Tengri Travel Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Алматыны Ереванмен, ал Қостанайды Ташкентпен байланыстыратын екі жаңа рейс ашылады, деп хабарлайды Tengri Travel Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан

13 маусымда өзбекстандық My Freighter (Сentrum Air) әуе компаниясы Ташкент - Қостанай рейсін іске қосады.

Жарнама
Жарнама

Рейс әр сенбі сайын Airbus 320 әуе кемесімен орындалатыны белгілі болды.

Армения

Сондай-ақ бүгін FlyOneArmenia әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындайды.

"Ереван – Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстері аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) орындалады", - деп атап өтті ведомство.

Енді Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3-тен 5-ке дейін артады.

Еске сала кетейік, Қазақстаннан Арменияға алғашқы рейстер сәуір айында ашылған болатын. Сол кезде SCAT компаниясы Ақтау - Ереван бағыты бойынша рейстерді іске қосса, Shirak Avia Астанадан Ереванға ұша бастады.

Тағы оқыңыз: Қазақстаннан Еуропа мен Түркияға жаңа рейстер ашылады

TengriTravel

Жарнама
Жарнама