Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, ақпанда осы мәселеге қатысты ресейлік әріптестермен меморандум аясында алғашқы кеңес өткен.

"Ресей Федерациясынан мамандар тобы келді, біз оларға инфрақұрылымды көрсеттік, яғни Ресейден алуды жоспарлап отырған жолбарыстарға дайындалып жатқан орынды таныстырдық. Ортақ түсіністік бар және менің ойымша, биыл тағы үш, ең көбі төрт жолбарыс әкелеміз. Осылайша, Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасын толық көлемде іске асыруды бастаймыз. Дәл мерзімін айта алмаймыз, бірақ бұл мәселе бойынша ортақ түсінік бар", – деді Нысанбаев.

Сонымен қатар, министр Нидерландыдан Қазақстанға жеткізілген жолбарыстардың жағдайы туралы айтты.

"Нидерландыдан екі жолбарыс әкелінді, қазір олар Іле-Балқаш резерваты аумағында, ең қолайлы жағдайларда өмір сүріп жатыр. Олардың жағдайы өте жақсы. Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы да ақпарат бергенбіз – жыл аяғына дейін ұрпақ аламыз деп үміттенеміз", – деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная