Қазақстанға Украинадан репатриациялық рейстер орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Украинада қалған қазақстандықтар елге репатриациялық рейстермен жеткізіледі. Бұл туралы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің ресми сайтында жарияланған Қазақстан үкіметінің жаңа қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Украинада қалған қазақстандықтар елге репатриациялық рейстермен жеткізіледі. Бұл туралы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің ресми сайтында жарияланған Қазақстан үкіметінің жаңа қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, репатриациялық әуе рейстерін "Эйр Астана" әуекомпаниясы орындайды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Украинада қалған қазақстандық азаматтарды Польшаның Катовице қаласы арқылы эвакуациялайтын болады. Бұл - Украинадан оралған қазақстандықтар үшін белгілі бағыт.

Еске салайық, алғашқы репатриациялық рейс 28 ақпанда Алматыға қонды. Қазір Украинадан барлығы жеті репатриациялық рейс жасалды. Соңғысы 28 наурызда Катовицеден Алматыға ұшып келді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная