Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер тағы да тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com/ PavKol

Қазақстан мен Дубай арасындағы әуе қатынасы тағы да тоқтатылды. Аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты 21 шілде мен 31 тамыз аралығында рейстер орындалмайды. Бұл ретте 21 шілдеге дейін ұшақтар кесте бойынша ұшуын жалғастырады, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рейстердің уақытша тоқтатылатыны туралы Air Astana әуекомпаниясы хабарлады. Шектеулер Дубайға бағытталған тұрақты рейстерге қатысты және 21 шілде мен 31 тамыз аралығында күшінде болады.

Компания мұндай шешім қабылдауға Ормуз бұғазы мен аймақтағы жағдайдың одан әрі нашарлауы себеп болғанын атап өтті.

Жарнама
Жарнама

"Ормуз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады", - делінген хабарламада.

Тоқтатылған рейстерге билет сатып алып қойған Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады.

Бұл - кейінгі уақытта Дубай бағытындағы рейстер кестесіне енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Еске салайық, 12 шілдеде Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жекелеген рейстер тоқтатылып, кейбіріне түзетулер енгізілген болатын.

Мәселен, таңғы 7:10-да ұшып шыққан KC205 Астана - Дубай рейсі аспанда кері бұрылып, ұшып шыққан әуежайына қайта қонды. Сол күні сағат 8:50-де ұшуы тиіс KC897 Алматы - Дубай рейсі де тоқтатылды. Ол кезде де жолаушыларға билет құнын толық қайтару ұсынылып, тасымалдаушы кестеде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Кейінірек компания 15 шілдеден бастап Алматы - Дубай - Алматы және Астана - Дубай - Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстердің қайта жанданатынын жариялады. Сонымен қатар, тасымалдаушы Таяу Шығыстағы жағдайдың дамуын бақылап отырғанын және қажет болған жағдайда кестені қайта түзететінін бірден мәлімдеген болатын.

Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар жоспарлап отырған жолаушыларға бұл өзгерістерді ескеру және билетті қайтару немесе қайта брондау мәселелері бойынша тасымалдаушыға хабарласу ұсынылады. 21 шілдеге дейін Дубайға рейстер жолаушыларды тасымалдау үшін штаттық режимде орындала береді.


Жарнама
Жарнама