2026 жылдың жазы қазақстандық саяхатшылар үшін жаңалыққа толы болмақ. 2026 жылы мамырдың аяғынан бастап және жаз бойы Алматы мен Астанадан Варшава, Измир және Ларнака бағыттары бойынша бірнеше жаңа рейс ашылады, - деп хабарлайды Tengri Travel.
2026 жылғы 31 мамырдан бастап LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Алматы - Варшава бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты.
"Жаңа рейс жазғы кезеңде аптасына 4 рет, ал қысқы кезеңде 3 рет орындалады деп жоспарланған. Айта кетейік, LOT әуекомпаниясы Варшава мен Астана арасында тұрақты рейстерді орындап келеді. Алматыға жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Польша арасындағы көлік байланысын кеңейтуге кезекті маңызды қадам болмақ", - деді брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
2026 жылғы 31 шілдеден бастап SunExpress әуекомпаниясы Измир - Алматы - Измир бағыты бойынша тікелей рейстерді ашады. Ұшу аптасына екі рет орындалады және 2026 жылы қазанның аяғына дейін жалғасады.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы Астана - Ларнака бағыты бойынша тікелей рейстерді бастайды. Рейстер аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Бұдан кейін, 2026 жылғы 4 маусымнан бастап тағы бір Алматы - Ларнака бағыты іске қосылады. Сондай-ақ рейстер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды.
Бұл ретте Қазақстан азаматтарына Кипрге бару үшін виза рәсімдеу қажет екенін ескерген жөн.