Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға жаңа тікелей рейс ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

1 мамырдан бастап Алматыдан Оңтүстік Кореяның Пусан қаласына жаңа тікелей рейс ашылады, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 мамырдан бастап Алматыдан Оңтүстік Кореяның Пусан қаласына жаңа тікелей рейс ашылады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, рейстерді EasternJet шетелдік әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды.

Қала әкімдігінің болжамы бойынша, жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласын Алматымен байланыстырып, елдер арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтады, сондай-ақ сапарларды ыңғайлы әрі қолжетімді етеді.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, 2025 жылы Алматыға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам турист келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,3 пайызға көп.

Пусан

Қала ең алдымен Хэундэ мен Квангалли жағажайларымен, сондай-ақ дамыған жағалауы және заманауи инфрақұрылымымен белгілі. Танымал көрікті жерлер қатарында Камчхон мәдени ауылы мен теңіз жағасында орналасқан Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы бар.

Скриншот: depositphotos.com

Қала балғын теңіз өнімдеріне негізделген асханасымен, соның ішінде шикі балықтан жасалған тағамдары (хве) және балық котлетімен (оммук) әйгілі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар тағы бір елге тікелей рейспен ұша алады

TengriTravel

Жарнама
Жарнама