Қазақстанның ең "білімді" қаласы аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/_badun © pixabay.com/_badun

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы аясындағы білім беру саласы бойынша кезекті жинақты ұсынды , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы аясындағы білім беру саласы бойынша кезекті жинақты ұсынды , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

2021 жылғы санақ кезінде 3,7 миллион адамның жоғары білімі, 4,1 миллион адамның арнайы орта білімі, 4,9 миллион адамның орта білімі болды.

2009 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8 пайыздан 2021 жылы 27,6 пайызға дейін өсті.

Өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі - 404,8 мың адам. Әрбір өңірдегі жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр - елорда халқының 25,5 пайызы ЖОО бітірген.

Осыған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда полиглоттар қаласын атаған еді. Толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная