Қазақстанның жолаушылар авиациясы пандемиядан кейін қалай қалпына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock

2021 жылдың 9 айында тасымалданған жолаушылар саны 81 пайызға артып, 6,9 миллион адамға жетті, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері өткен жылмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70 пайызға артты – 12,6 миллион адам (2020 жылдың 9 айы – 7,4 миллион, 2019 жылдың 9 айы - 12,3 миллион адам).

Бүгінде ішкі рейстер толық қалпына келтірілді: аптасына 744 рейс жиілігімен 57 маршрут. Ішкі бағыттар бойынша орташа рейстер саны – күніне 106 рейс, халықаралық бағыттар бойынша - күніне 35 рейс. Сондай-ақ, 23 елмен халықаралық рейстер қайта жанданды.

Жарнама
Жарнама

Қазір қазақстандықтарға аптасына 247 рейс жиілігімен 63 маршрут қолжетімді: Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Мысыр, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзірбайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд.

Халықаралық әуе рейстерінің саны біртіндеп артып келеді. Мәселен, жақында Қазақстаннан БАӘ-ге әуе рейстерінің саны артатыны белгілі болды. 2021 жылғы желтоқсаннан бастап Fly Arystan әуекомпаниясы ("Эйр Астана" АҚ компаниялар тобы) Ақтау – Дубай және Шымкент – Шарджа бағыттары бойынша әр бағыт бойынша 2 жиіліктегі рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!


Жарнама
Жарнама