Қазақстанның Қызыл кітабына енген, табиғатта сирек кездесетін жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізіліп жатқан кешенді қорғау шаралары өз жемісін беріп жатқаны айтылды. Соңғы жылдары ұлттық парк қызметкерлерінің жіті қадағалауы мен табиғатты ұдайы бақылауы нәтижесінде жабайы жануарлар дүниесінің айтарлықтай өсімі байқалып отыр.
Кезекті бір видеоға ұрғашы аю екі қонжығымен түсіп қалған. Мұндай сәттер сирек түсіріледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Экологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Қаратау арқары және өзге де сирек кездесетін аңдардың саны жылдан-жылға тұрақты түрде артып келеді.
"Мұндай оң өзгерістер ең алдымен орманшылар мен инспекторлардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Олар заңсыз аңшылықтың алдын алу, жануарлардың мекен ету ортасын сақтау, сондай-ақ табиғи тепе-теңдікті қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр".
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!