Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орнатылған фототұзақтарға қасқырлар түсіп қалды - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Қасқыр – өте ақылды, ұйымдасқан және әлеуметтік жыртқыш. Олар үйірімен (тобымен) өмір сүреді және бір-бірімен 70-тен астам түрлі дыбыс арқылы байланыса алады. Қозғалысы шапшаң, қажет жағдайда сағатына 60 шақырым жылдамдыққа дейін жүгіре алады", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!