Кейбір қызметтер қолжетімсіз болады: Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астана әуежайы жолаушыларға Қазақстанда eGov порталы мен бірқатар электронды қызметтер уақытша қолжетімсіз болатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайы жолаушыларға Қазақстанда eGov порталы мен бірқатар электронды қызметтер уақытша қолжетімсіз болатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

20 наурыздан 21 наурызға қараған түні (23:00-ден 08:00-ге дейін) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізеді.

"Осы кезеңде eGov порталы, eGovmobile мобильді қосымшасы және басқа да электрондық сервистер, соның ішінде "Цифрлық құжаттар" сервисі уақытша қолжетімсіз болады", - делінген ресми хабарламада.

Егер сіздің рейсіңіз осы уақыт аралығында жоспарланған болса, рейске тіркелу және тексеруден өту кезінде ықтимал қолайсыздықтарды болдырмау үшін құжаттардың түпнұсқаларын (жеке куәлік, паспорт және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная