Қостанай-Алматы бағытында жаңа пойыз іске қосылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай-Алматы бағытында жаңа пойыз іске қосылады

"Жолаушылар тасымалы" 2026 жылы іске қосқалы отырған жаңа бағыт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жолаушылар тасымалы" 2026 жылы іске қосқалы отырған жаңа бағыт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Компания жаңа бағыттағы пойыз 2026 жылға жоспарланғанын нақтылады.

"Вагондар паркін жаңарту есебінен Алматы – Қостанай бағыты бойынша №119/120 жаңа пойызын іске қосу жоспарланып отыр. Ол Talgo вагондарынан жасақталады", – деп уәде етті компания өкілдері.

Сонымен қатар "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі 2026 жылы кейбір пойыздардың жүру жиілігі арта түсетінін хабарлады:

  • №105/106 Алматы – Петропавл пойызы күнара қатынайды;
  • №1/2 Алматы – Ташкент пойызы күн сайын жүретін болады (Talgo вагондары).

"Бұл пойыздардағы билеттердің бағасы басқа бағыттар деңгейінде сақталады", – деді компания өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
;