Күрте үшін туындаған жанжал: жолаушылар 14 миллион теңге айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алматыда Air Astana әуекомпаниясының Алматы - Бангкок рейсі бортындағы төбелес ісі бойынша үкім шықты. Жанжал былтыр желтоқсанда ұшақ ұшқанға дейін болған. Сот екі шетелдікті әуе кемесі бортында бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оларға ірі көлемде айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Air Astana әуекомпаниясының Алматы - Бангкок рейсі бортындағы төбелес ісі бойынша үкім шықты. Жанжал былтыр желтоқсанда ұшақ ұшқанға дейін болған. Сот екі шетелдікті әуе кемесі бортында бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оларға ірі көлемде айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Сот кабинеті материалдарына сүйенсек, істі Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты қарады. Мәлімет бойынша, жанжал 2025 жылғы 14 желтоқсанға қараған түні Air Astana-ның КС-931 рейсінде болған. Сот деректеріне сүйенсек, Қырғызстанның екі азаматы ұшар алдында Алматы әуежайының халықаралық терминалындағы күту аймағында ішімдік ішіп, содан кейін ұшақ бортына мінген.

Жарнама
Жарнама

Кейінірек ұшақ салонында жолаушылардың бірі мен Грузия азаматы арасында кикілжің туындаған. Соттың мәліметінше, орындық жақтауындағы күрте жанжалға себеп болған. Жолаушылардың бірі оны абайсызда аяғымен түртіп кеткен, содан кейін жанжал басталған.

Жәбірленуші сотта жанжалдың тез арада төбелеске ұласқанын айтып берді.

"Аталған жанжал төбелеске ұласып, ол алдымен бетінен, содан кейін оң көзінен соққы алған", - делінген жәбірленушінің айғақтарында.

Куәгерлер не дейді?

Дегенмен, куәгерлер мен жолсеріктер оқиғаның басқа нұсқасын айтты. Салонда болған бірнеше куәгер ер адамдардың жанжал басталғанға дейін-ақ өздерін оғаш ұстағанын жеткізді. Жолаушылардың айтуынша, ер адамдар дауыс көтеріп ұрсысқан, балағат сөздер айтып, дөрекілік танытқан.

Жолсеріктердің бірі алдымен ұшақтың құйрық жағынан айқай-шу естігенін, ал жақындап барғанда жолаушылар арасындағы төбелесті көргенін айтты.

"Кейін бұл жанжалға отырған жолаушы қосылды, ол да кикілжің шығарып, балағаттай бастады", - делінген сот материалдарында.

Экипаж мүшелері авиациялық қауіпсіздік қызметін шақыртқан. Нәтижесінде жанжалға қатысушылар рейстен шығарылып, полицияға тапсырылған. Ұшақ Тайландқа шамамен бір сағаттық кідіріспен ұшқан.

Еске сала кетейік, оқиғадан кейін төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Сол кезде Көліктегі полиция департаменті оқиға дерегін растап, борттан төрт шетелдіктің түсірілгенін, олардың екеуі мас күйде болғанын хабарлаған еді.

"Олардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан", - деп хабарлаған еді сол кезде көлік полициясы.

Сот-медициналық сараптама мәліметтері бойынша, жәбірленушінің беті мен қолында көгерулер анықталған. Жарақаттар денсаулыққа зиян келтірмеген деп сараланды.

Сот қандай жаза тағайындады?

Сот екі шетелдікті де әуе кемесі бортында адамдар тобымен жасалған бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп таныды. Жаза тағайындау кезінде ер адамдардың бұрын сотталмағаны, кінәларын мойындап, өкінетіндігі және жас балалары бар екені ескерілді.

Сотталғандардың әрқайсына 7,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Алайда, желтоқсаннан сәуірге дейінгі күзетпен ұстау мерзімін ескере отырып, қорытынды сома әрқайсы үшін 5,898 миллион теңгеге дейін азайтылды.

Сондай-ақ сот сотталғандардан жәбірленушілерге өтемақы қорына міндетті төлемдер мен процестік шығындарды өндіру туралы қаулы етті.

Үкім 2026 жылғы 5 мамырда заңды күшіне енді.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама