“Күттіріп қойды“. Әуекомпания Астана - Ақтөбе рейсіндегі келеңсіз жағдай неден туындағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Күттіріп қойды“. Әуекомпания Астана - Ақтөбе рейсіндегі келеңсіз жағдай неден туындағанын түсіндірді Фото:depositphotos.com

Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясы әлеуметтік желілерде қызу талқыланған Астана - Ақтөбе рейсіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Тасымалдаушы мәлімдетінше, әуе кемесінің ауыстырылуы рейстің кешігуіне және отырғызу кезіндегі уақытша түсініспеушілікке себеп болған, - деп хабарлайды Tengri Travel.


Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясы әлеуметтік желілерде қызу талқыланған Астана - Ақтөбе рейсіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Тасымалдаушы мәлімдетінше, әуе кемесінің ауыстырылуы рейстің кешігуіне және отырғызу кезіндегі уақытша түсініспеушілікке себеп болған, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Әуекомпания не дейді?

Тасымалдаушының ақпараты бойынша, рейс өндірістік қажеттілікке байланысты ұшақтың ауыстырылуы салдарынан кешіктірілген.

Компанияның баспасөз қызметі борт ауысқаннан кейін барлық жолаушыны орналастыру үшін қосымша уақыт қажет болғанын нақтылады.

"Осыған байланысты отырғызу кезеңінде жолаушыларды дұрыс орналастыру үшін қосымша уақыт талап етілді. Әуекомпания қызметкерлері жолаушылардан сәл күте тұруды өтініп, салонның жаңартылған конфигурациясын ескере отырып, оларды жедел түрде орналастыруды қамтамасыз етті", - деп түсіндірді әуекомпания өкілдері.

Компания ешбір жолаушының бортта орынсыз қалмағанын ерекше атап өтті.

"Бірде-бір жолаушы орынсыз қалған жоқ - ұсынылған әуе кемесі жолаушылар санына толық сәйкес келді", - деді тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы

Бұған дейін әлеуметтік желіде жолаушы әйел Vietjet Qazaqstan әуекомпаниясының Астана - Ақтөбе бағытындағы рейсіне отырғызу кезіндегі жағымсыз жағдай болғаны туралы айтты.

Оның айтуынша, рейс 5,5 сағатқа кешіктірілген. Жолаушының сөзінше, ұшаққа мінген соң өзі және отбасының билетінде көрсетілген орындардың жоқ екені анықталған. Қазақстандық әйелдің айтыуынша, қызметкерлер бос орындар іздегенше жолаушылардан ұшақ кіреберісінде күте тұруды сұраған.

"Өз орындарында отырған басқа адамдар наразылық білдіріп, бізден ұрыспауды талап ете бастады. Соған қарамастан, ешқайсы өзі тұрып, балаға орын ұсынған жоқ. Бізден неге ұшақпен ұшпайтынымызды үнемі сұрайды. Бізге көлікпен жүрген оңайырақ: ұзақ болса да, сенімді", - делінген жазбада.

Сондай-ақ ол жазбасында ерекше қажеттіліктері бар баламен жолға шыққанын, соның салдарынан бұл жағдай отбасы үшін қосымша стресс болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, жолаушы өз хабарламасында борттағы әйелдердің бірімен жанжал болғанын, оның ұлын ұрып жібергенін мәлімдеді.

TengriTravel
;