Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"2025 жылы 30 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайы Air China әуекомпаниясының Чэнду – Алматы бағыты бойынша жаңа рейсін салтанатты түрде қабылдады. Ұшақ Қытайдың Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайынан келді", - делінген Алматы әуежайы хабарламасында.
Алматы - Чэнду (Сычуань провинциясы әкімшілігінің орталығы) арасындағы тікелей әуе қатынасы аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Рейстер Airbus A320 ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Алматыдан ұшу уақыты — 21:30, ал Чэндуға келу жергілікті уақыт бойынша келесі күні таңғы 04:30-да жоспарланған. Чэндудан Алматыға дейінгі ұшу шамамен 3,5 сағатқа созылады, ал кері бағыттағы рейстің ұзақтығы бес сағатқа жуық.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!