Қытай, Үндістан және Германия: Қазақстанға туристер көп келетін елдер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Қазақстанға шетелдік туристер ағыны артып келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Туризм министрлігі қай елдерден туристер жиі келгетінін және қай өңірлер ең танымал болғанын айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға шетелдік туристер ағыны артып келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Туризм министрлігі қай елдерден туристер жиі келгетінін және қай өңірлер ең танымал болғанын айтып берді.

Ведомство дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанға туристік мақсатпен 12,1 миллион шетелдік азамат келген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 730 мың адамға көп.

Олардың 8,6 миллионы елде бір күннен артық уақыт болған, яғни шетелдік туристер санатына жатады.

Реклама
Реклама

Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметін шамамен 1 миллион шетелдік пайдаланған. Сонымен қатар ішкі туризм де өсіп келеді: осы кезеңде 6,7 миллион қазақстандық қонақүйлер мен демалыс үйлеріне тоқтаған.

Қай елдерден туристер жиі келеді?

ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, 2025 жылдың 9 айында Қазақстанға 12,1 миллионнан астам шетелдік кірген. Әсіресе ТМД-ға кірмейтін елдерден келетін туристер саны айтарлықтай артқан.

Туристер саны бойынша ТОП-5 ел:

Қытай

Қазақстанға 693 мыңнан астам ҚХР азаматы келген. Өсім – 42 пайыз. Бұл визасыз режим, жаңа тікелей әуе рейстері және Қытай нарығында елді ілгерілетуімен байланыстырылады.

Үндістан

Қаңтар–қыркүйекте Қазақстанға шамамен 113 мың үндістандық турист келген. Былтыр бұл көрсеткіш 106 мың болған.

Түркия

Елге 103 мыңнан астам түркиялық турист келген. Ағынды тұрақты әуе рейстері, сондай-ақ іскерлік және мәдени байланыстар қамтамасыз етіп отыр.

Германия

2025 жылдың 9 айында Қазақстанға 81 мыңнан астам Германия азаматы келген. Туристерді табиғат, этнотуризм және тарихи-мәдени нысандар қызықтырады.

Оңтүстік Корея

Туристер саны 25 пайызға өсіп, 41,3 мың адамнан асты. Бұған тікелей рейстер, визасыз режим және Қазақстанның табиғаты мен мәдениетіне қызығушылық әсер еткен.

Шетелдіктер қай жерлерге көп барады?

Шетелдік туристер ең жиі саяхаттайтын бағыттар:

  • Алматы және Алматы облысы;
  • Астана және Ақмола облысы;
  • Маңғыстау облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы.

eQonaq дерегінше, шетелдік қонақтар көбіне ірі қалалар мен өңірлерде тоқтаған. Үздік өңірлер қатарында:

  • Алматы;
  • Астана;
  • Атырау облысы;
  • Алматы облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Маңғыстау облысы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная