Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияға берілмек: жаңа мәлімет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 2gis.kz Фото: 2gis.kz

Вьетнамдық Sovico Group компаниясы Қызылорда әуежайына қызығушылық танытып отыр. Келіссөздердің қай сатыда екенін Tengritravel.kz Қызылорда облысы әкімдігінен сұрап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Вьетнамдық Sovico Group компаниясы Қызылорда әуежайына қызығушылық танытып отыр. Келіссөздердің қай сатыда екенін Tengritravel.kz Қызылорда облысы әкімдігінен сұрап білді.

Аймақтың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан жауап берілді. Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қызылорда облысының әкімдігі мен шетелдік холдинг арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл келісімге облыс әкімдігі, Қазақстанның Көлік және Сыртқы істер министрліктері бірлесіп қолдау көрсеткен. Сол кезде тараптар "Қорқыт Ата" әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін қарастыруға дайын екендерін білдірген.

Сондай-ақ, меморандумда авиациялық инфрақұрылымды дамыту, жүк тасымалы, сауда-логистикалық орталық пен туризм нысандарын салу саласындағы ынтымақтастық көзделген.

"Халықаралық ірі компаниямен ынтымақтастық Qazaq Air әуекомпаниясының әуе кемелерін Қызылордада орналастыру базасын ашуға, жүк тасымалын ұйымдастыруға, сондай-ақ қосымша әуе рейстерін ашуға серпін береді", – деп сендірді басқарма.

Сонымен қатар, ведомство шетелдік компаниямен келіссөздердің қай деңгейде екенін айтты.

"Қорқыт Ата әуежайының әкімшілігі мен шетелдік холдинг арасында әуежайды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру шарттары талқыланып жатыр. Әуежайды беру бойынша нақты шешім қабылданған жоқ", – деп хабарлады басқарма.

Осылайша, ведомствоның жауабына сәйкес, әуежайды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная