Қызылорда облысы әуежайының өткізу қабілеті 500 мың жолаушыға дейін ұлғайған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Реклама
Реклама

Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.

Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайғаны айтылды.

Нысан Халықаралық азаматтық авиация комитеті (ICAO) мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

"Қорқыт ата" әуежайынан әуекомпаниялары аптасына 29 рейс орындайды. Қазіргі кезде терминал жанынан "Қазаэронавигация" РМК жаңа диспетчерлік мұнара мен әкімшілік-техникалық ғимараттың құрылысын жүргізіп жатыр.

Жобаның іске асуы Сыр өңірінің көлік инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын да арттыруға оң септігін тигізеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная