Мемлекеттік "Іле-Алатау" ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ерекше оқиға: сирек кездесетін қар барысы қайтадан фототұзаққа түсіп, жабайы табиғаттың ерекше сұлулығын көрсетті. Бұл кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген.
"Ғылыми инспекторлардың маңызды еңбегін атап өткен жөн, олар тәулік бойы парктің аумағын бақылап, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша зерттеулер жүргізеді. Олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында фототұзақтар дұрыс жерлерге орнатылып, осындай әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!