Lufthansa ұшағы борттағы төтенше жағдайға байланысты Алматыға шұғыл қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Мюнхен – Пекин бағытындағы Lufthansa әуекомпаниясы рейсінде жолаушылардың бірі көз жұмды. Оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мюнхен – Пекин бағытындағы Lufthansa әуекомпаниясы рейсінде жолаушылардың бірі көз жұмды. Оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі мәліметінше, қайғылы жағдай 26 желтоқсанда LH 0722 рейсінде болған. Ұшу барысында жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Осыған байланысты экипаж шұғыл түрде Алматы әуежайына қону туралы шешім қабылдаған.

Әуежайға қонған сәтте ұшаққа жедел түрде әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Алайда дәрігерлер жолаушы ұшақ жерге қонбай тұрып қайтыс болғанын анықтаған.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, барлық қажетті рәсім аяқталған соң әуе кемесі жанармай құйып, рейсті жалғастырған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 07:56-да Пекинге қарай қайта ұшып кеткен.

Бейресми деректерге сәйкес, марқұм 30 жастағы ер адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүрекке байланысты сырқат салдарынан кенеттен жағдайы нашарлаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная