Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Маңғыстау облысында "Сартас" визит-орталығының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі өңір әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында "Сартас" визит-орталығының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі өңір әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сартас" визит-орталығы Каспий теңізінің Түпқараған ауданына тиесілі жағалауында, Таушық ауылынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан.

Маңғыстау жерінде танымал "Жығылған", "Саура", "Тамшалы" т.б табиғаты ерекше жерлерге бет алған туристер "Сартас" визит-орталығына аялдап, тынығуға мүмкіндігі бар. Жаңа нысан күніне 100 адамды қабылдауға қауқарлы.


Сурет Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Визит-орталықты жергілікті кәсіпкер Ербол Байжігітов өз қаражатына салған. Жоба құны - 248 миллион теңге.

"Бүгінгі таңда Маңғыстаудың табиғатын тамашалауға келетін туристердің саны күн санап артып келеді. Осы көрсеткіш визит-орталық салуға себеп болды. Түпқараған ауданында табиғаты ерекше, көпшілікке танымал тарихи жерлер бар. Осы жерлерге де келушілердің саны да жыл сайын артуда. Сондықтан визит-орталық аталған жерлерге сапарлап шыққан туристердің тұрақтап, демалатын орнына айналады. Жобаның ерекшелігі, ауданның табиғаты ерекше тарихи және мәдени жерлерінің орталығында орналасқан", - деді "Сартас" визит-орталығының негізін қалаушы Ербол Байжігітов.

Сурет Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Kazakh Tourism төрағасы Талғат Аманбаевтың айтуынша, елімізде туризмді дамыту үшін 20 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

"Бұл - Маңғыстау жерінде ашылған алғашқы сапар-орталық. Осындай сапар орталығы арқылы жергілікті туризм де қарқынды дамиды. Солардың бірі "Сартас" визит-орталығында ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз-орталыққа көптеген туристерді тарту, - деді "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ төрағасы Талғат Аманбаев.

Сурет Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная