Мереке күндері қай бағыттағы пойыздар сұранысқа ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мереке күндері қай бағыттағы пойыздар сұранысқа ие болды Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Көктемгі мереке күндері 860 мыңнан аса жолаушы ҚТЖ пойыздарын пайдаланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктемгі мереке күндері 860 мыңнан аса жолаушы ҚТЖ пойыздарын пайдаланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі мереке күндері, яғни 7-9 және 17-26 наурыз аралығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 860 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

"Сондай-ақ мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент-Ақтөбе және Павлодар-Астана қатынасындағы пойыздар сұранысқа ие болды. Жолаушылар 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жиі пойызға отырған", - делінген компания хабарламасында.

Мереке күндері тасымалдауға деген сұраныстың жоғарлауына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам орын ұсынды. Сонымен қатар қала маңындағы бағыттарға электрпойыздарының 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды.

Айта кетейік, жыл сайын ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 13 миллионнан астам жолаушы жүреді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;