Миланнан Алматыға тікелей рейс маусымда ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pixabay.com

12 маусымнан бастап Милан - Алматы - Милан бағытындағы тікелей жолаушылар әуе рейстері ашылады6 - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"NEOS әуе компаниясымен Алматы және Милан қалалары арасында халықаралық әуе рейстерін ашу туралы келісім жасалды. Милан - Алматы - Милан бағытындағы тұрақты әуе рейстері осы жылдың 12 маусымынан басталады деп күтілуде. Жолаушылар тасымалы әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Boeing 737 және 787 әуе кемелері арқылы жүзеге асырылмақ", - делінген хабарламада.

Италияға кірген кезде туристер елдің денсаулық сақтау жүйесінің жергілікті органдары берген вакцина паспортын ұсынуы керек. Құжат 9 ай бұрын аяқталған вакциналаудың толық курсын немесе үдеткіш дозамен вакциналаудың толық курсын растауы керек. Сондай-ақ, турист алты ай бұрын COVID-19-дан қалпына келтіру туралы құжатты ұсына алады.

Жарнама
Жарнама

Аталған екі құжатқа балама ретінде Италияға кірерден 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тесті немесе 48 сағаттан кешіктірмей жасалған антиген тесті жарамды. Алты жасқа дейінгі балалар тестерден босатылады. ПТР-тест және вакцина паспорты болмаған жағдайда турист бес күнге оқшауланып, осы мерзім аяқталғаннан кейін антигенге немесе ПТР-тест тапсыра алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!


Жарнама
Жарнама