Мини-Венеция: Қызылорда тұрғындары жаңбырдан кейін қайықтарға көшті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

19 қаңтарда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында таңертеңнен бастап жаңбыр жауып жатыр. Кейбір көшелерді су басты. Тұрғындар Жаңақорғанның Түркістандағыдай шағын Венецияға айналғанын әзілмен жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

19 қаңтарда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында таңертеңнен бастап жаңбыр жауып жатыр. Кейбір көшелерді су басты. Тұрғындар Жаңақорғанның Түркістандағыдай шағын Венецияға айналғанын әзілмен жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде көше ортасында адамдар қайықпен қалай балық аулап жатқаны туралы видео жарияланды. Қармақ ұстаған қайықтағы адам қолын бұлғап, балық аулап жатырмын деп айғайлайды.

"Жігіттер, балық қармақты қапты!" - делінген видеода.

Тағы бір видеода тұрғындар жаңбырдан кейін көшелерді су басып қалғанын айтады.

"Бұл - Абай көшесінің қиылысы. Мұндай жағдай жыл сайын болады. Бөгейтін ешкім жоқ. Бұл ХҚКО маңында да байқалады. Балық аулауға келіңіздер!", - дейді видеода Жаңақорған кентінің тұрғындары.

Жаңақорған ауданы әкімдігінің өкілі ауданда төтенше жағдай жоқ екенін, жай ғана жаңбыр жауғанын айтты.

"Таңертеңнен бастап ауылда жаңбыр жауып жатыр. Нәтижесінде шұңқыр бар 2-3 көшеге су толды. Бұл жағдайды кейбір адамдар пайдаланып, әзіл үшін қайықпен балық аулап жатқанын видеоға түсірген. Жағдай бақылауға алынды. Арнайы техникасы бар мамандар суды сорып алады. Адамдардың қалыпты өмір сүруіне ешқандай кедергі жоқ", - деді Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің міндетін атқарушы Әбілқайыр Сыздықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная