Министрлік: Отандық туроператордың барлық турисі елге қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Өткен айда қызметі тоқтатылған TEZ.KZ туроператорының шетелде жүрген барлық турисі елге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өткен айда қызметі тоқтатылған TEZ.KZ туроператорының шетелде жүрген барлық турисі елге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің үйлестіруімен ел азаматтарының көшпелі туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" қоры қазақстандық туристерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастырды.

"Аталған туроператор қызметін тоқтата тұратыны туралы ақпарат тараған кезде шетелде 313 отандық турист болған. Қазір барлық турист Қазақстанға оралды. Министрлік пен Қордың бірлескен жұмысының нәтижесінде туристер елге оралу кезінде ешқандай кедергіге тап болған жоқ. Олардың демалысы турда көрсетілген мерзімге сәйкес өтіп, ұшып келу уақыты турпакетте жоспарланған күндері жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы 24 қаңтарда TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтататынын хабарлаған болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная