Минскіден Алматы мен Нұр-Сұлтанға рейстер саны артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Минскіден Алматы мен Нұр-Сұлтанға рейстер саны артады Минск, Беларусь. Фото @Shutterstock

2022 жылдың 29 сәуірінен бастап "Белавиа" әуекомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына халықаралық рейстер санын көбейтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Минск - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қатынасты аптасына бестен жеті рейске дейін арттыру жоспарланған. Ал Минск - Алматы бағыты бойынша аптасына үш рейстен жетіге дейін көбейеді. Сонда елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 14-ке жетеді.

Жолаушыларды EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелері тасымалдайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;