Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі, Tengrinews.kz/ Нұрлан Әлжабаев

Астананың ескі теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Осыдан бір жыл бұрынғы үйінділердің орнында жаңа, бірақ көпшілікке таныс ғимараттың сұлбасы айқындала бастады. Tengri Travel тілшілері құрылыс алаңына барып, ондағы жағдайды көріп қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бірден көзге түсетіні – басты "мұнара" орнында тұр.

Оның жаңа келбеті Астана тұрғындары мен қонақтарына бұрыннан таныс нысанды еске түсіреді.

Жарнама
Жарнама

Дегенмен, жаңартылған вокзалдың дизайны заманауи стильде болатын сияқты.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Ескі ғимараттың сәні болған үлкен циферблатты бұрынғы орнына орнатуға уәде берілді. Бірақ сағат дизайны да өзгереді.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Нысан паспортына қарағанда, Астанадағы ескі вокзал ғимараты кейінгі рет осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын жөндеуден өткен.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жұмыстарды биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Әзірге құрылыс қызу жүріп жатыр. Көлік министрлігінің соңғы мәліметінше, жұмыстың 41 пайызы аяқталған.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жөндеу жұмыстарына қарамастан, Астана-1 бекетінен пойыздар әдеттегідей жөнелтіліп жатыр. Жолаушылар легі уақытша 1960-жылдары салынған ескі вокзал арқылы өтеді.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Мердігерлер жолаушыларды кеңестік монументалды классицизм дәуірінде салынған сары-ақ түсті ғимаратқа бағыттайтын баннер де іліп қойған.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Ресми дерек бойынша, жаңғыртылып жатқан вокзалдың жалпы ауданы 8 409 шаршы метр.

"Қазіргі уақытта ғимарат қаңқасы мен шатырын орнату жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін монтаждау жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, перрон мен конкорстық өткелдің құрылысы, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жұмыс аяқталған соң, жолаушылар ескі ғимараттан жаңасына арнайы өткел арқылы өте алады.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Ал мына "аңыз" жаңартыла ма әзірге белгісіз.

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Аңызға айналған вокзал

Ескі теміржол вокзалы 1960-жылдары салынған. Сол кезде ол бүкіл Қазақстандағы ең үлкен вокзал болды. 1990-жылдары мұнда жаңа ғимарат бой көтерді. Осы жылдар бойы қос ғимарат жұмыс істеп тұрды, бірақ негізгі жолаушылар ағыны қажетті жолға жетуге мүмкіндік беретін эскалаторлары мен лифтілері бар заманауи ғимарат арқылы өтетін.

2017 жылы Астана Нұрлы жол вокзалы ашылғанға дейін Астана-1 қаладағы жалғыз вокзал болды.

Астана-1 вокзал кешені құрамына 1990 және 1961 жылдары салынған ғимараттар кіреді. Жалпы ауданы 11 174 шаршы метр. Вокзал 3 лифтпен, 10 эскалатормен жабдықталған және 3 қабылдау-жөнелту жолы бар. Астана-1 күн сайын 26 жұп пойызға қызмет көрсетеді, ал жолаушылар ағыны күніне 10 мың адамнан асады.

Былтыр қыркүйекте үйреншікті теміржол вокзалы орнында үйінділер пайда болды. Тек қаптамасы алынған негізгі мұнара аман қалды. Ғимараттың қалған бөлігі толығымен бұзылған еді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы вокзал көп жылдан бері жөндеу көрмегенін, сондықтан күрделі реконструкция жасау уақыты келгенін хабарлады.

Тағы оқыңыз: Жаңартылған Астана-1 вокзалы биыл ашылмақ: реконструкция барысы мен жаңа эскиз


Жарнама
Жарнама