Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизовтан нақты нәтижелерді талап етті. Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Олжас Бектенов ұлттық компания басшысына таяуда ғана тағайындалғанына қарамастан, Kazakh Tourism басшылығынан нақты нәтиже күтілетінін айтты.
"Талғат Жанатұлы (Ғазизов - еск.), сіздің қызметке жақында ғана кіріскеніңізге қарамастан, нақты нәтижелер қажет. Біз оны сізден күтеміз. Егер нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істейміз, нәтиже болмаса, қоштасамыз. Келістік пе?" - деп сұрады премьер-министр.
Kazakh Tourism басқарма төрағасы қойылған міндеттерді орындауға дайын екенін растады.
"Келістік", - деп жауап берді ол.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!