Наурыз мерекесіне орай Астана мен Алматыдан қосымша 100-ден аса рейс ұшады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыз мерекесіне орай Астана мен Алматыдан қосымша 100-ден аса рейс ұшады Фото: ҚТЖ

2026 жылы Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады. Осыған байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе және теміржол қатынасында ондаған қосымша рейстер жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2026 жылы Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады. Осыған байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе және теміржол қатынасында ондаған қосымша рейстер жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қосымша әуе рейстері

Егер билетті алдын ала алып үлгермесеңіз, қазір әуекомпаниялар сайтын тексеретін уақыт. Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, Наурыз мерекесіне орай қазақстандық әуе тасымалдаушылар шамамен 160 қосымша рейс енгізген.

Air Astana және FlyArystan 16-29 наурыз аралығында 146 қосымша рейс орындайды. Оның ішінде:

  • 80 рейс - Алматы - Астана бағыты бойынша;
  • Қалған рейстер Астана, Алматы және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Атырау, Өскемен және Орал бағыттарына қатынайды.

SCAT Airlines:

  • 19-21 наурыз күндері: 5 рейс (Алматы - Астана), 1 рейс (Шымкент - Ақтау);
  • 23-26 наурыз: 4 рейс (Алматы - Астана), 1 рейс (Шымкент - Астана), 1 рейс (Ақтау - Астана).

Жолаушыларға рейстердің бар-жоғын алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.

Қосымша пойыздар

"Жолаушылар тасымалы" мәліметінше, мереке күндері теміржол бағыттарында қосымша вагондар мен электр пойыздары іске қосылады:

  • 20-21 наурыз - Астана - Павлодар (№7510);
  • 25 наурыз - Павлодар - Астана (№7509);
  • 25 наурыз - Астана - Атбасар (№6803/6804);
  • 25 наурыз - Нұрлы жол - Бурабай курорты (№887/888);
  • 21, 22, 23, 28, 29, 30 наурыз - Шу - Тараз (№6975/6976).

Сонымен қатар, 20, 22 және 24 наурыз күндері Қарағанды - Балқаш пойызына қосымша екі вагон тіркеледі.

Наурыздағы демалыс күндері

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында тойланады. 2026 жылы бұл күндер демалысқа сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылды:

  • 5 күндік жұмыс аптасында - 21-25 наурыз аралығы толық демалыс;
  • 6 күндік жұмыс аптасында - 21-24 наурыз демалыс, 25 наурыз жұмыс күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
;