Неге әуежайда аяқ киімді шешуді сұрайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Әуежайда ұшуға дейінгі тексерістен өту кезінде аяқ киімді шешуді сұрайтын жағдайлар жиі кездеседі. Көпшілігі мұны түсінбей жатады: егер аяқ киім киімнің бір бөлігі болса және күмән тудырмаса, неге шешу керек? Tengritravel.kz бұл талаптың қаншалықты орынды екенін анықтауға тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әуежайда ұшуға дейінгі тексерістен өту кезінде аяқ киімді шешуді сұрайтын жағдайлар жиі кездеседі. Көпшілігі мұны түсінбей жатады: егер аяқ киім киімнің бір бөлігі болса және күмән тудырмаса, неге шешу керек? Tengritravel.kz бұл талаптың қаншалықты орынды екенін анықтауға тырысты.

"Неге әуежайларда тексеріс кезінде аяқ киімді шешуді сұрайды?" деген сұрақ желі қолданушыларында жиі туындайды. Бұл сұраққа жауап беруін сұрап Астана әуежайының PR қызметінің жетекшісі Науат Айтуғановаға жүгіндік.

Оның айтуынша, бұл жай ғана талап емес, әлемнің көптеген әуежайында қолданылатын авиациялық қауіпсіздік шарасы.

Реклама
Реклама

"Әлемнің көптеген әуежайында жолаушылардан тексеріс кезінде аяқ киімді шешуді сұрайды. Көп адамға бұл артық сияқты көрінуі мүмкін, алайда бұл шара авиациялық қауіпсіздікпен байланысты. Кейде дәл аяқ киімнің ішінде тыйым салынған заттар жасырылуы мүмкін, ал оларды стандартты сканерлермен анықтау әрдайым оңай бола бермейді. Қалың табан, жасырын металл элементтер немесе қосымша бөлшектер сапалы тексеруге кедергі келтіруі мүмкін", – деп түсіндірді ол.

Маман бұл тәжірибе алғаш рет 2001 жылдың желтоқсанында енгізілгенін атап өтті.

"Бұл тәжірибенің тарихы 2001 жылдың желтоқсанында британдық Ричард Рейд есімді азамат ұшаққа жарылғыш затты аяқ киімінің табанына жасырып алып өтпек болған кезден басталады. Оның жоспары жүзеге аспады, бірақ бұл оқиға бүкіл әлемдегі қауіпсіздік қызметтері үшін бетбұрыс сәтіне айналды. Содан бері аяқ киімді тексеру көптеген елде міндетті шараға айналды", – деп толықтырды маман.

Ол қазіргі қауіпсіздік жүйелері көптеген жылдардағы тәжірибе мен нақты қауіптерді талдаудың нәтижесі екенін атап өтті.

"Аяқ киімді шешіп, тексерістен өту сияқты қарапайым әрекеттер – барлық жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл – еріккендіктен емес, тәжірибеге сүйеніп, мүмкін қауіптердің алдын алу үшін қажет шара", – деп түйіндеді ол.

Сондықтан, егер тексеріс кезінде сізден аяқ киіміңізді шешуді сұраса, ренжімеңіз және мұны ұсақ-түйекке баламаңыз. Бұл – барша жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандартты процедуралардың бір бөлігі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная