Қазақстандықтар неге электр пойыздар Бурабай курортына дейін бармай, тек Щучинскке дейін жүретінін сұрады. Бұл жағдайға "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Біздің редакциямызға Петропавл тұрғыны жүгінді.
"Астанадан қайтып келе жатқан едік. Достарымызбен бірге Бурабайға соғуды ұйғардық. Бірақ электр пойыздардың тек Щучинск станциясына дейін ғана баратыны белгілі болды. Сол жерде Бурабайға дейін жетудің басқа жолдарын іздеуге тура келді. Әрине, таксилер бар. Олар курортқа дейін апаруды ұсынады. Бірақ неге Бурабай станциясы жоқ әлде біз ол жайлы білмейміз бе?" – деді Вероника.
"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі бұл жағдайға пікір білдірді.
"Электр пойыздары тек Щучинск станциясына дейін қатынайды. Бұл Бурабай аумағы ерекше қорғалатын табиғи аймаққа кіретіндігімен байланысты. Онда рельстер төсеуді қоса алғанда, теміржол инфрақұрылымын салуға жол берілмейді. Бұл – бірегей экожүйені сақтау мақсатында жасалып отыр", – деп еске салды баспасөз қызметі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!