Неге ұшаққа отырғанда иллюминатор пердесін жаппау сұралады?

Көрнекі сурет: ChatGPT Көрнекі сурет: ChatGPT

Әлеуметтік желілерде бортсеріктер неге ұшақта иллюминатор перделерін жаппауды сұрайтыны туралы сұрақ жиі көтеріледі. Бұл қауіпсіздік шарасы ма, әлде жай ережені сақтау үшін бе? Tengritravel.kz бұл сұраққа қазақстандық әуекомпаниялардан жауап алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде бортсеріктер неге ұшақта иллюминатор перделерін жаппауды сұрайтыны туралы сұрақ жиі көтеріледі. Бұл қауіпсіздік шарасы ма, әлде жай ережені сақтау үшін бе? Tengritravel.kz бұл сұраққа қазақстандық әуекомпаниялардан жауап алды.

SCAT

Компанияның баспасөз қызметі бұл талап халықаралық қауіпсіздік нормаларының бірі екенін еске салды.

"Ұшып көтерілу және қону кезінде бортсеріктер салон ішінде жүрмейді. Терезелердің ашық тұруы жолаушыларға қандай да бір төтенше жағдайды байқауға және экипажға хабарлауға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді SCAT өкілдері.

Qazaq Air

Әуекомпаниясының баспасөз қызметі де ұшақтың көтерілу және қону кезеңдерінде иллюминатор перделерінің ашық тұруы қажет екенін растады.

"Бұл қауіпсіздік шараларының маңызы зор, себебі ұшудың дәл осы кезеңдерінде апатты жағдайлар жиі болады. Біріншіден, перделердің ашық тұруы жолаушылардың көзін табиғи жарыққа бейімдеуге көмектеседі, бұл төтенше жағдайда жақсы бағдарлануға мүмкіндік береді. Осы себепті ұшып көтерілу және қону кезінде ұшақ салонында негізгі жарық сөндіріледі. Екіншіден, иллюминаторлар арқылы бортсеріктер мен жолаушылар сыртта не болып жатқанын көре алады. Бұл экипажға уақытылы ақпарат беруге немесе эвакуация кезінде жағдайды бағалауға көмектеседі, мысалы, сыртта өрттің бар-жоғын анықтау үшін", – деп түсіндірді Qazaq Air өкілдері.

Сонымен қатар, компания мәліметінше, апатты қону кезінде құтқарушылар иллюминаторлар арқылы ұшақ салонындағы жағдайды бақылап отыра алады.

"Үшіншіден, төтенше жағдайда жарақат алу қаупін азайтады. Себебі жабық пластик перде қатты соққыдан жарылып, жолаушыларды жарақаттауы мүмкін", – деп қорытындылады әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная