Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді Фото: 2gis.kz

Қазақстан Үкіметі "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС-ға Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС-ға Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Қаулы 2022 жылдың 18 наурызында қабылданған.

"Орал халықаралық әуежайы" жеке шаруашылық серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін", - делінген қаулыда.

Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

2021 жылы қоғам белсенділері мен депутаттар Орал әуежайына БҚО тумасы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы айтқан еді. Сосын Батыс Қазақстан облысының облыстық мәслихат сессиясында шешім шығарылды.

Мәншүк Мәметова Қызыл әскер қатарында борышын өтеп, пулеметші болды. 1943 жылы күзде майдан даласында оққа ұшты, ол соғыста 70-ке жуық жау әскерін жайпаған. Оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;