“Осы жерде тұрғым келеді“: Биыл жазда баруға тұрарлық Шығыс Қазақстан облысындағы 6 орын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден кадрлар

Қазақстандық видеограф Ұлан Медеу Шығыс Қазақстан облысындағы баруға тұрарлық 6 ерекше орынның тізімін жасады. Редакция автордан өңірдегі бірқатар көрнекті орынды тамашалау үшін саяхатқа неше күн арнау керегін білді, толығырақ Tengri Travel материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық видеограф Ұлан Медеу Шығыс Қазақстан облысындағы баруға тұрарлық 6 ерекше орынның тізімін жасады. Редакция автордан өңірдегі бірқатар көрнекті орынды тамашалау үшін саяхатқа неше күн арнау керегін білді, толығырақ Tengri Travel материалында.

Видео

Жас жігіт Instagram-да облыс сұлулығын паш ететін бірқатар әсерлі видео жариялады.

Жарнама
Жарнама

"Қазақ Алтайы, Шығыс Қазақстан", - делінген жазбада.

Ұланның Instagram-парақшасындағы ерекше жерлер түсірілген видеолар топтамасы миллиондаған қаралым жинады. Шетелдік желі қолданушыларының кейбірі пікір қалдырып, осы ертегідей мекенді өз көзімен көргісі келетіндерін жеткізген.

"Міне, ертегідегідей өмір", "Бізге сол жаққа бару керек сияқты", "Қандай керемет", - деді Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары.

Видео авторы не дейді?

Біз видеограф Ұлан Медеумен байланысқа шықтық.

Оның айтуынша, былтырғы жаздың екі айында ол ШҚО-ның әрқайсысы өзінше ерекше 6 қызықты орнын таспалап үлгерген:

  • Мұзтау шыңы ;
  • Қаракөл - судың сабырлы айдыны мен таулардың панорамалық көрінісі;
  • Көккөл сарқырамасы - Шығыс Қазақстан облысындағы ең үлкен сарқырама;
  • Ақ Берел өзені және көз тартар жазық;
  • Рахман қайнары - тау арасындағы табиғи термалды бұлақ;
  • Катонқарағайға барар жолдағы гүлдеп тұрған рапс алқабы - таулармен астасып жатқан ашық сары түсті табиғат көрінісі;

Қашан бару керек?

Оның пікірінше, Шығыс Қазақстан облысының сұлулығын тамашалауға шілдеде барған дұрыс.

"Дәл осы уақытта Катонқарағай ерекше құлпырады. Маған ең қатты әсер еткені Мұзтау етегіндегі көрініс болды - мұздықтар мен гүлдер бір мезетте көз алдыңда тұрады. Мұны ұмыту мүмкін емес", - деп бөлісті Ұлан.

Саяхатшының айтуынша, сапарды Өскеменнен бастап, Катонқарағайға қарай көлікпен жолға шыққан ыңғайлы. Сонымен қатар ол жол жағдайын алдын ала ескеруге кеңес береді.

"Көп жағдайда жол талғамайтын көлік қажет болады, өйткені ең көрікті жерлерге баратын жолдардың кейбіріне асфальт төселмеген. Жеңіл көлікпен жету қиынға соғады", - деді ол.

Ұлан ең басты кеңес ретінде сапарды мұқият жоспарлау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, барлық негізгі орынды асықпай аралап шығу үшін саяхатқа кемінде 7–10 күн арнаған абзал.

"Орындар бір-бірінен алшақ орналасқан, жол жүру көп уақытты алады, бірақ жол бойындағы көріністер керемет", - деді ол.

Сонымен қатар саяхатшы ауа райына алдын ала дайындалып, түрлі жағдайға сай киім алуға кеңес береді: өңірде күннің ыстығынан, жаңбыр мен желге дейін ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Бұдан бөлек, ол сапарға қажетті негізгі заттарды - су, жанармай қорын және байланыс құралдарын, әсіресе шалғай аудандарға шыққанда, алдын ала ойластыруды ұсынады.

Сонымен қатар, оның пікірінше, туристер үшін басты ереже - табиғатқа ұқыпты қарау: қоқыс қалдырмау, өсімдіктерді зақымдамау және табиғи орындарды сол қалпында сақтау.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама