"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне шомылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Павел Дуров суық суға түскен видеосын Telegram-дағы сторисінде жариялады. Видеоға ол қысқаша жазба қалдырған: "Суға керемет түстім".
Кейбір пайдаланушыларда "Көлсай көлдерінде шомылуға бола ма және бұл үшін айыппұл салына ма?" деген сұрақтар туындады. Ұлттық парк ережелеріне сәйкес, туристерге тек арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге рұқсат етілген. Басқа аймақтарда немесе суық мезгілде шомылу белгіленген талаптарды бұзу болып саналады.
Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы ұлттық парктің табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру бөлімінен пікір сұрады. Онда көлде шомылу әкімшілік құқықбұзушылық болып саналатынын және ол үшін айыппұл көзделгенін хабарлады.
Айта кетейік, белгіленген ережелерді бұзғандар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, бұл - 39 320 теңгеге тең.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!