Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, жедел іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталды.
Ұсталғандардың бірі белсенді екені анықталды, ол "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС қызметкері өзімен бірге достарына есірткі таратты. Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды", — дейді Павлодар облысы полиция департаменті өкілі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!