Пхукетте қазақстандық қаза тапты - БАҚ

Фото: @novostiphuketa Фото: @novostiphuketa

1 сәуірде Пхукетте Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы таиландтық БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 сәуірде Пхукетте Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы таиландтық БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, 1 сәуірде түнгі сағат 00:45 шамасында ер адам мотоциклмен Bypass Rd тасжолында асқан жылдамдықпен келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылған. Ауыр жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмды.

Реклама
Реклама

Алғашында оның жеке басын анықтау барысында "ресейлік турист" деп болжанған. Себебі оның ұялы телефонының экранында орыс тіліндегі жазулар болған.

Алайда кейіннен оның Қазақстан азаматы екені және Таиландта тұрып, жұмыс істегені анықталды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында қазіргі уақытта марқұм туралы ресми расталған ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная