Пойыз билетінің бағасы қалай қалыптасады? ҚТЖ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстандықтар кейбір пойыз бағыттарындағы билеттердің қымбаттауына назар аударып отырады. Жағдайға қатысты ҚТЖ баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар кейбір пойыз бағыттарындағы билеттердің қымбаттауына назар аударып отырады. Жағдайға қатысты ҚТЖ баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Tengritravel.kz сайтында материалдарға оқырмандар билет бағасының көтерілгенін жиі жазып тұрады.

Пікір алу үшін ҚТЖ баспасөз қызметіне хабарластық.

"Теміржолмен жүру құны уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады, ол әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің шекті бағаларын (тарифтерін) реттейді. Бағалар жүріп өтетін қашықтыққа (шақырым), пойыз санатына (жылдам, жолаушылар, фирмалық) және вагон түріне (СВ, купе, плацкарт, жалпы) байланысты. Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және ТМД елдерінде қолданылады, бұл теміржол тасымалдары тарифтерін қалыптастыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді", – деп хабарлады компания.

Сонымен қатар, компания мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушылар пойыздарында және "Тальго" коммерциялық пойыздарының арнайы купелерінде билеттің құнынан 50 пайыз жеңілдік қарастырылғанын еске салды.

"Арнайы купелерде мүгедектігі бар адамдар өздерін ертіп жүретін адаммен бірге саяхаттай алады, ол үшін де жол жүру құнының 50 пайыздық жеңілдігі беріледі. Жеңілдікті билеттерді комиссиясыз, үйден шықпай-ақ, компанияның сайты арқылы өздерінің ЖСН және мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізу арқылы рәсімдеуге болады", – деп хабарлады ҚТЖ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная