Пойызда 52 адам газдан уланып қалған: балалардың жағдайы туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы олардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы олардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Не болған?

Еске салайық, Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам газдан уланып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдай киностудия ұйымдастырған түсірілім кезінде болған.

Реклама
Реклама

Бұл туралы Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Барлығы 52 адам зардап шеккен, оның ішінде балалар бар.

Тексеріс нәтижелері бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары бейінді бөлімшелерде жатыр.

Дәрігерлер не дейді?

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің 12 желтоқсан таңындағы жай-күйі туралы ақпаратты ұсынды.

"Барлығы 52 адам, оның ішінде балалар зардап шекті. Олардың бәрі тексеруден өткізу және қажетті медициналық көмек көрсету үшін қала стационарларының қабылдау бөлімшелеріне жеткізілді", - деп еске салды басқарма.

Тексеру нәтижелері бойынша, 11 бала ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі жансақтау бөлімшесіне жіберілді.

"12 желтоқсандағы жағдай бойынша, жансақтауда жатқан екі науқас профильдік бейінді бөлімге ауыстырылды. Қалған пациенттер тексерістен кейін және қажетті көмек көрсетілген соң тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деді ведомство.

Сонымен қатар "ауруханаға жатқызылған пациенттердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында" екені айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная