Ақтау – Шымкент бағытындағы пойызда Майлз есімді шетелдік саяхатшының шағымына іліккен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары құқықбұзушының жеке басын анықтады.
"Көлік полицейлері Маңғыстау облысының 36 жастағы тұрғынын анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты", - деп мәлімдеді ведомство.
Істі Ақтау қалалық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.
"Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза кесті", - деп атап өтті полиция.
Еске сала кетейік, бұған дейін Майлз есімді шетелдік саяхатшы саяхатшы Ақтаудан Шымкентке дейінгі 40 сағаттық жолсапар кезіндегі жағымсыз жайтты айтып берген болатын. Оның айтуынша, жолаушылардың бірі онымен үнемі сөйлесуге тырысып, орынсыз қалжыңдаған, рұқсатсыз телефонға түсірген және туристің айтуынша, оны жергілікті тілде балағаттаған.
Сондай-ақ Майлз ер адамның оның жеке кеңістігін өрескел бұзып, бүкіл жол бойы араласуға мәжбүрлегенін хабарлады.
Тағы оқыңыз: Шетелдік азаматтың Сайрандағы әрекеті алматылықтарды тәнті етті