Ресейден Қазақстандағы қорыққа төрт амур жолбарысы жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабаровскіден Қазақстанға 4 амур жолбарысы жеткізілді. Енді екі ересек дарақ пен жолбарыстың екі төлі "Іле-Балқаш" қорығы аумағында мекендейді, деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хабаровскіден Қазақстанға 4 амур жолбарысы жеткізілді. Енді екі ересек дарақ пен жолбарыстың екі төлі "Іле-Балқаш" қорығы аумағында мекендейді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Жануарларды жіберу сәті таспаланған бейнеролик президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілді. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылған.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді. Бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға зор үлес қосады", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Экология министрлігі жолбарыстарды жеткізу сәті түсірілген видеоны Instagram парақшасында жариялаған болатын.

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді. Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді", - деп хабарлады ведомство.

Жарияланған кадрларда амур жолбарыстарының Хабаровскіден Алматы әуежайы арқылы "Іле-Балқаш" қорығына дейінгі бүкіл жолы көрсетілген. Суреттерге қарағанда, жыртқыштар баратын жеріне жетіп, жаңа аумаққа бейімделе бастаған.

Жолбарыстар Қазақстанға қалай келді?

Экология министрлігінің мәліметінше, қайта жерсіндіру бағдарламасы жолбарысты 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен өңірге қайтаруға бағытталған.

"Қазақстан оны практикалық іске асыруға 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жолбарысты сақтау жөніндегі форумда қол жеткізілген халықаралық уағдаластықтардан кейін кірісті. Аталған форумда жолбарыс таралған елдер жабайы табиғаттағы жолбарыстардың санын қалпына келтіру ниетін растады, ал Қазақстан тиісті жобаны іске асыруға дайын екенін мәлімдеді", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Амур жолбарысы планетадағы ең сирек кездесетін жыртқыштардың бірі, ол халықаралық Қызыл кітапқа енген. Сарапшылардың бағалауынша, Ресейде бұл жыртқыш популяциясы шамамен 750 басқа жетеді.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама