Ресейлік әуекомпания Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан мен Алматыға рейс ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©flyredwings Фото ©flyredwings

Ресейлік тасымалдаушы Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұша бастайды. Елордаға алғашқы рейс 18 наурызда, ал Алматыға 19 наурызда қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі компанияның Телеграм каналына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік тасымалдаушы Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұша бастайды. Елордаға алғашқы рейс 18 наурызда, ал Алматыға 19 наурызда қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі компанияның Телеграм каналына сілтеме жасап.

Red Wings әуекомпаниясының мәліметінше, рейс 100 орындық SSJ 100 лайнерінде орындалады. Рейстердің жиілігі аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері. 26 наурызға дейінгі билеттерді сайтта брондауға болады.

Айта кетейік, қазір Ресейден Қазақстанға бірқатар рейс тотатылды. Бірінші болып S7 Airlines компаниясы рейстерін, содан кейін 8 наурыздан бастап "Аэрофлот" тоқтатты. "Северный ветер" 7 наурыздан бастап халықаралық рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады.

"Эйр Астана" компаниялар тобы да Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты. SCAT және Qazaq Air Ресейден Қазақстанға әуе рейстерін жалғастыруға ниетті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная