Ресейліктер енді визаны Астанадан алады: қазақстандықтарға қатысты өзгеріс бола ма?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер енді визаны Астанадан алады: қазақстандықтарға қатысты өзгеріс бола ма? Фото ©️ Турар Казангапов

Қазақстан АҚШ визасын алғысы келетін Ресей азаматтары үшін "визалық хабқа" айналды. Астана Ресей азаматтары өтініш бере алатын екі қаланың бірі болды. Tengritravel.kz бұл жағдай қазақстандықтарға қалай әсер ететінін білу үшін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне жүгінді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан АҚШ визасын алғысы келетін Ресей азаматтары үшін "визалық хабқа" айналды. Астана Ресей азаматтары өтініш бере алатын екі қаланың бірі болды. Tengritravel.kz бұл жағдай қазақстандықтарға қалай әсер ететінін білу үшін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне жүгінді.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі не дейді?

6 қыркүйектен бастап АҚШ-тың көші-қонға жатпайтын визаларына, соның ішінде В1/В2 санатындағы туристік визаларға өтініш беру ережелері күшіне енді. Енді құжаттарды тек азаматтық бар немесе тұрақты тұратын елде ғана тапсыруға болады.

Баспасөз атташесі Кристофер Соренсеннің (Christopher Sorensen) айтуынша, жаңа ережелер қазақстандықтарға әсер етпейді.

"Бұл рәсімдік жаңарту Қазақстанда АҚШ визасына өтініш беретін Қазақстан азаматтарына қатысты емес. Қазақстан азаматтары бұрынғыдай АҚШ-тың Астанадағы елшілігіне немесе Алматыдағы бас консулдығына, өтініш беру орнына қарай, көші-қонға жатпайтын визаларға өтініш бере алады", - деді ол.

Дипломаттың айтуынша, өзгерістер ең алдымен визаларды рәсімдеудің тұрақты тәртібі жоқ елдердің азаматтарына, соның ішінде Ресейге қатысты.

"Ресей азаматтары үшін енді жаңа тәртіп енгізілді: сұхбаттасулар тек көші-қонға жатпайтын визаларды рәсімдеуге арналған белгілі орындарда: АҚШ-тың Астанадағы (Қазақстан) елшілігінде және Варшавадағы (Польша) консулдығында белгіленуі тиіс", - деп толықтырды баспасөз атташесі.

Соренсеннің айтуынша, қазақстандық өтініш берушілерге басымдық беріледі.

"АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы қазақстандық өтініш берушілерге және Қазақстанда тұрақты тұратын басқа адамдарға қызмет көрсетуді басымдық ретінде жалғастырады", - деді ол.

Алайда оның айтуынша, азаматтық немесе тұрақты тұратын елінен тыс жерде визаға өтініш бергенде сұхбаттасуды күту уақыты айтарлықтай артуы мүмкін.

"Визаға құжаттарды азаматтық немесе тұратын елінен тыс жерден тапсырғанда, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін де, сұхбаттасуды күту уақыты әлдеқайда ұзақ болуы мүмкін екенін ескеру керек. АҚШ визалары туралы ең өзекті ақпарат алу үшін өтініш берушілерге Travel.State.Gov сайтына жүгінуді ұсынамыз", - деді Кристофер Соренсен.

Басқа елдер үшін не өзгерді?

Жаңа ережелерге сәйкес, виза беру тоқтатылған 17 елдің азаматтары құжаттарды тек арнайы тағайындалған консулдықтарға тапсыра алады. Мысалы, Беларусь азаматтары Варшава немесе Вильнюске, Украина азаматтары Варшава мен Краковқа жүгіне алады.

Бұған дейін өтініш берушілер сұхбаттасудан кез келген елде өте алатын. Бұрыннан белгіленген сұхбаттасулар өз күшінде қалады.

Тек сирек жағдайларда ғана - гуманитарлық себептер, медицина немесе сыртқы саясат мәселелері бойынша ерекшеліктер қарастырылған. Жаңа ережелер дипломатиялық, қызметтік визаларға, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтері туралы келісімге байланысты визаларға қолданылмайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;