Сайранда қоршаулар алып тасталды: суға түсуге бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде Сайран су қоймасы жағалауындағы қоршаулар алып тасталғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Сайран су қоймасы жағалауындағы қоршаулар алып тасталғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео

Threads-те Сайрандағы қоршаулардың алынғаны жайлы жазба жарияланды.

Реклама
Реклама

"Көрініс керемет. Енді судың жанында серуендеуге болады", – деп жазды бейнеролик авторы.

Видео кадры/Threads

Басқарма не дейді?

Бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасына жүгіндік.

"Алматы Полиция департаменті орнатқан турникеттер алынды", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, Сайранға шомылуға әлі де тыйым салынғаны нақтыланды. Аймақты қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

"Бүгінде Сайран су қоймасының аумағын абаттандыру нысаны пайдалануға берілген жоқ", – деп мәлімдеді басқарма.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная